Жаңалықтар

Атырауда топырақты заңсыз сатқандарға 850 млн теңге айыппұл салынды

Атырауда топырақты заңсыз сатқандарға 850 млн теңге айыппұл салынды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 30.10.2023 11:31 885

Атырауда топырақты заңсыз сатқаны үшін жер қойнауын пайдаланушыға 850 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Нұрманияз-Атырау» ЖШС-ның кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге рұқсатты пайдалана отырып, 2021-2022 жылдары 88 542 м³ топырақты заңсыз сатқанын анықтады.

Рұқсатты беру үшін «Морское» кен орнындағы гидротехникалық құрылыстардың үйіндісін қалпына келтіру туралы мердігерлік шарт негіз болған. Алайда шартта топырақты өзге мақсатта сату көзделмеген.

Облыс әкімдігіне енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің нәтижелері бойынша «Нұрманияз-Атырау» ЖШС-дан бұрын берілген рұқсат қайтарып алынды.

Аталған факт бойынша «Нұрманияз-Атырау» ЖШС-дан сотпен 851 млн теңге мемлекетке келтірілген залал өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Өз кезегінде, прокуратура «жер қойнауы ресурстарына, оның ішінде өңірдің экологиясына зиян келтіргені үшін жауаптылықтың сөзсіз болатынын» ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға