Атырауда төбелестен кейін 17 жасар жігіт қайтыс болды
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
10.07.2024 16:41
808
Атырау облысының Махамбет ауданында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жігіттер арасында төбелес орын алған. 17 жастағы жігіт қатты соққыдан кейін құлап, орнынан қайта тұрмаған.
Белгілі болғандай, қайтыс болған жігіт – Сарытоғай ауылының тұрғыны және биыл ғана мектепті бітірген. Қатарластарымен арадағы жанжал неден туындағаны әзірге белгісіз. Оның өліміне 2005 жылы туған жас жігіт күдікті ретінде танылды.
Бұл туралы Атырау облысы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.
17 жасар жасөспірімді өлтіру фактісі бойынша 2005 жылы туған күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. - деп хабарлады полиция.
Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға