Жаңалықтар

Атырауда «Таза Қазақстан» акциясына атсалысқандар марапатталды

Атырауда «Таза Қазақстан» акциясына атсалысқандар марапатталды
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі 02.01.2025 02:25 457

Атырауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шараларға белсене қатысып, өңір халқының экологиялық мәдениетін нығайтуға үлес қосқан азаматтар мен мекемелер құрметке бөленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, бірқатар компания мен 109 бірыңғай байланыс орталығы облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Жыл қорытындысына сәйкес “Таза аудан” номинациясына Құрманғазы ауданы лайық деп танылса, Қызылқоға ауданына  «Таза өлке» номинациясы берілді. Сонымен қатар ауданішілік «Таза аула», «Таза аудан», «Үздік көше», «Үздік мекеме», «Үлгілі үй»  және «Үздік тазалаушы» конкурстары қорытындыланды.

«Таза Қазақстан» бағдарламасын  ұйымдастыру барысында қоршаған ортаны қорғау, аумақтарды қоқыстардан тазарту және көгалдандыру шараларына белсене қатысқан белсенділер мен зейнеткерлер де назардан тыс қалмады.

Айта кетейік, биыл аталған бағдарлама аясында облыста 30 сенбілік өткен. Оған қатысқан 86 мыңнан астам азамат 1776 тонна қоқыс жинады. Жұмылдырылған техника саны - 1522.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға