Жаңалықтар

Атырауда тасқын болған жағдайда 94 медициналық бригада қызмет көрсетеді

Атырауда тасқын болған жағдайда 94 медициналық бригада қызмет көрсетеді
Фото: © El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 22.05.2024 23:40 581

Атырау қаласында су тасқыны орын алған жағдайда эвакуациялық пунктерде тұрғындарға қызмет көрсететін медициналық бригада ұйымдары бекітілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиевтің айтуынша, қазір облыс орталығында 94 эвакопункт дайын тұр.

Бұл эвакопунктердің барлығында медициналық кезекші бригадасы құрылды. Бұдан бөлек, инфекциялық ауруханада қосымша стационарлық 200-ден астам резервтік орын дайындалды. Қажет болған жағдайда модульдік аурухананы жұмылдырамыз. Сондай-ақ, тасқынға байланысты ахуал қиындайтын болса, Атырауға 100-ден астам дәрігерлерді тарту жөнінде шешім қабылданды,-деді басқарма басшысы.

Облыста 52 жедел жәрдем көлігі бар, оның 30-ы қалада және 22-сі аудандар бойынша бөлінген. Одан бөлек басқа медициналық ұйымдар арасында науқастарды тасымалдау үшін резервтік 11 көлік қарастырылды.

Қазіргі уақытта қала бойынша 26 жедел-жәрдем бригадасы жұмыс жасауда. Қажеттілік туындаған жағдайда қосымша 4 бригада қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға