Жаңалықтар

Атырауда су тасқынына қатысты ахуал белгілі болды

Атырауда су тасқынына қатысты ахуал белгілі болды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 26.05.2024 00:10 4444

ТЖМ құтқарушылары Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізуді жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Махамбет ауданының Талдыкөл ауылына апаратын автожол арқылы су жүруіне байланысты жергілікті тұрғындарды алдын ала эвакуациялау туралы шешім қабылданды. 121 адам, оның ішінде 41 бала жүзу құралдарының көмегімен ауылдан кетті. 26 тұрғын Атырау қаласының эвакопункттеріне орналастырылды. 90-нан астам адам туыстарының үйлеріне барды.

Талдыкөл ауылында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды су басу фактісі тіркелген жоқ.

Айта кетейік, бүгін таңертең Атырау облысына ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов келді. Барлық жұмыстар оның жеке бақылауымен жүргізілді.

Қазіргі уақытта құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен Махамбет ауданының Жалғансай ауылы айналасындағы үйінді қорғаныш білігінің жанында тасқын суды сору жұмыстарын жүргізуде. Атырау қаласын жағалай қосымша қапшықтар төселуде,-делінген ТЖМ мәліметінде.

Еске салсақ, бұған дейін өңірге Қызылорда, Түркістан, Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан, Шымкент қаласынан құтқарушылар топтары және 52 859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері келген болатын.

Осы ретте ТЖМ тұрғындардан дүрбелеңге түспеуді, ТЖД мен әкімдіктердің ұсынымдарына сәйкес әрекет етуді және қажет болған жағдайда қауіпсіз орындарға эвакуациялауды сұрайды.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға