Жаңалықтар

Атырауда «Старый добрый Гурьев» тарихи журналистика жинағының тұсау кесер рәсімі өтті

Атырауда «Старый добрый Гурьев» тарихи журналистика жинағының тұсау кесер рәсімі өтті
11.09.2018 12:42 2811

Атырау қаласындағы қалалық халықтық кітапханасының ғимаратында «Былина» этномәдени бірлесітігінің ұйымдастыруымен «Старый добрый Гурьев» жинағының тұсау кесер рәсімі ұйымдастырылып өткізілді.

Жнақтың авторы –жазушы әрі журналист Валентин Тарабрин. Ол  1958 жылы Гурьев қаласында (қазіргі Атырау қаласы) дүниеге келген. 1998 жылы Ресейге қоныс аударған. Жазушының туған жеріне деген ыстық ықыласы соншалықты, үнемі Қазақстанға оралып, жерлестеріне туған жердің тарихына арналған кітаптарын арнап жазып тұрады.

Бұл жинақ қала тұрғындары мен қонақтарының ұжымдық жұмысы болып табылады және Гурьевтің қалыптасуы мен дамуы, XVII ғасырдан бері өмір сүрген халықтардың мәдениеті мен салты туралы сыр шертеді.

Кітап оқырмандардың кең ауқымына арналған және оқушылар мен студенттерге де өлкетану жинағы  ретінде ұсынылады.

Сонымен қатар, тұсаукесер аясында ескі Гурьевке арналған тарихи фотосуреттер көрмесі өткізілді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға