Атырауда шахматтан ел чемпиондары анықталды
Атырау қаласында 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бәсекеге Астана, Алматы және Шымкент қаласы мен Алматы, Ақмола облысы, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Жетісу, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Семей облысының 69 ойыншы барды (41 ұл және 28 қыз).
Солардың ішінде еліміздің абыройын әлем, Азия чемпионаты мен ірі халықаралық сайыстарда асқақтатып жүрген Зарина Нұрғалиева, Аяулым Қалдарова, Марк Смирнов, Елназ Калиахмет, Жәңгір Бижігітов және т.б. бар.
Чемпионат нәтижесі келесідей:
Шахматтың классика түрінен қыздар арасында:
1 орын – Сұлтанбек Зейнеп, Шымкент қаласы
2 орын – Қалдарова Аяулым, Шымкент қаласы
3 орын – Попандопуло Кристина, Қарағанда облысы
Шахматтың классика түрінен ұлдар арасында:
1 орын – Әбділхаир Әбілмансұр, Шымкент қаласы
2 орын – Бижігітов Жәңгір, Алматы облысы
3 орын – Мажкенов Әлішер, Астана қаласы
Шахматтың рапид түрінен қыздар арасында:
1 орын – Сұлтанбек Зейнеп, Шымкент қаласы
2 орын – Холявко Мария, Алматы обысы
3 орын – Калиахмет Елназ, Алматы облысы
Шахматтың рапид түрінен ұлдар арасында:
1 орын – Амангелді Ернұр, Астана қаласы
2 орын – Ахилбай Иманғали, Алматы облысы
3 орын – Ахмединов Сатбек, Астана қаласы
Шахматтың блиц түрінен қыздар арасында:
1 орын – Нұрғалиева Зарина, Атырау облысы
2 орын – Сұлтанбек Зейнеп, Шымкент қаласы
3 орын – Қалдарова Аяулым, Шымкент қаласы
Шахматтың блиц түрінен ұлдар арасында:
1 орын – Әбділхаир Әбілмансұр, Шымкент қаласы
2 орын – Смирнов Марк, Алматы облысы
3 орын – Исанжулов Арыстан, Абай облысы
Жеңімпаздар диплом, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.