Жаңалықтар

Атырауда рестобар күзетшілері қызды жабылып соққыға жыққан

Атырауда рестобар күзетшілері қызды жабылып соққыға жыққан
Фото: видеодан алынған кадр 25.07.2023 12:05 9725

Атырауда 11 шілде күні "SOLVE" рестобарының бірнеше қызметкері барға келген қызды соққыға жыққан, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Күзетшілердің бойжеткенге күш көрсеткен видео әлеуметтік желіде таралып кетті.  Айназ есімді жәбірленуші оқиғасын өз Instagram парақшасында баяндап берді. Оның айтуынша, күзетшілер оған қырындап, таныспақ болған, бірақ қыз олардың ұсынысын қабыл алмаған. Содан кейін олар қызға өштесіп, мазасын алған.

Оқи отырыңыз:

“Таңғы сағат бес шамасында бардан шығып, телефонмен сөйлесу үшін кіреберіске шықтым, содан кейін күзетшілер мені кіргізбеді, дөрекілік танытып, "кетіп қалш мыңа жерден, сені ешкім кіргізбейді” деді, мен олардың құқығы жоқ екенін айтып, әкімшіні шақыруды сұрадым”, – деді қыз.

Айназ қызметкерлерден рестобардың әкімшісін шақыруды сұраған. Алайда, күзетшілер бойжеткеннің сөзін елемеген. Шарасы қалмаған қыз өзі кіреберіс арқылы кірмек болған кезде бір топ ер адам оған шабуылдап, күш қолданған.

“Бетімнен бірнеше мәрте ұрды, соққыдан кіреберістегі кафельге басымды соқтым. Мені әрі қарай итеріп, қуып шықты. Алайда бір күзетші  артымнан жүгіріп келіп, ұрып-соғуын жалғастырды, отырған кезімде басымнан тепкіледі”, – деді жәбірленуші Айназ.

Айтуынша, тәртіп сақшылары келгенге дейін қызды соққыға жыққандар қашып кеткен. Ал, әкімші бейнебақылау камераларының жазбасын көрсетуден бас тартқан.

Атырау облыстық полиция департаменті күдіктілердің ұсталғанын мәлімдеді.

"Атырау облысы полиция департаменті хабарлайды: 11 шілде күні Атырау қаласындағы рестобарлардың бірінде азаматшаны ұрып-соғу дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер анықталды. Жәбірленушіге сот-медициналық сараптамасы тағайындалды" - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Zhanat Shamiganov (@insta_kokshe)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға