Атырауда қараусыз қалған ғимараттан ер адамның мәйіті табылды

Фото: azh.kz
Фото: azh.kz
03.03.2025 06:29
346
1 наурыз кешкі уақытта Атыраудағы Сырым Датұлы көшесінде қараусыз қалған ғимараттардың бірінен ер адамның мәйіті табылды. Ол үйсіз-күйсіз жүрген адам болуы мүмкін, деп хабарлайды Ақжайық басылымына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен медицина мамандары дереу жеткен. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Алдын ала болжам бойынша ер адам суыққа тоңып қайтыс болған болуы мүмкін. Бірақ өлімнің нақтысы себебі сот-медициналық сараптамадан соң белгілі болмақ.
Полицияның мәліметінше, марқұмның жеке басы анықталған. Ол 1987 жылы туған ер адам. Денесінде қандай да бір жарақат белгілері табылмаған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Семейде Масленица мерекесі атап өтілді
Келесі жаңалық
АҚШ президенті 4 наурызда маңызды мәлімдеме жасамақ