Атырауда полиция өрт шыққан үйден 50-ге жуық адамды эвакуациялады

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
05.05.2024 05:21
688
4 мамыр күні сағат 17:00 шамасында патрульдік полиция батальоны мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, көпқабатты үйден шыққан өрттен тұрғындарды аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
10 минуттың ішінде 50-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды.
Сондай-ақ, сақшылар пәтерде құлыптанып қалған 8 жасар баланы құтқарып үлгерді.
Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:
