Жаңалықтар

Атырауда полицейлер жалғызбасты анаға көмек көрсетті

Атырауда полицейлер жалғызбасты анаға көмек көрсетті
Фото: Polisia.kz 20.09.2024 10:48 81

Атырауда полицейлер жалғызбасты анаға көмек көрсетті, – деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тәртіп сақшылары тек қана қоғамдық тәртіпті қадағалап, түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алушылар ғана емес, қиналған жандарға қолдау көрсете алатын жанашыр жандар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен республика аумағында 15 сәуірден бастап экологиялық заңнаманы бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесу мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізіліп жатыр.

Акция барысында полиция белгіленбеген жерге қоқыс қалдықтарын төгетін тұлғаларды анықтауды күшейтті. Тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, мүмкіндігінше көмек беруге ұмтылатын полицейлер аз қамтылған отбасыларға көмек беруді де естен шығармайды.

Акция шеңберінде №2 Атырау қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің қызметкерлері бекітілген әкімшілік аумақтарында тұратын жалғызбасты ананың үйіне азық-түлік жеткізіп, үй ауласын шөптен тазалап берді.

Атырау полицейлері өздерінің үлкен жұмыс жүктемесіне қарамастан, уақыт тауып, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетуді назардан тыс қалдырмайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға