Атырауда оқушылар қашықтан оқиды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
09.04.2024 21:35
499
Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы Атырауда мектептер онлайн форматқа көшетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Білім беру бөлімінің педагогикалық кеңесінің шешімімен 10 сәуірден бастап Атыраудағы мектептер қашықтан білім беру форматына көшеді, - делінген мәліметте.
Бұған дейін су тасқыны жағдайына байланысты облыста балаларға арналған алгоритм жасалғаны туралы айтылған. Вице-премьер Тамара Дүйсенованың айтуынша, қазір 115 оқушы білім алатын 130 қазақстандық мектепте оқу процесі қашықтан жүріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты