Атырауда «Оpen air» жастар форумы өтті
Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының ұйымдастырумен кең көлемді «Оpen air» форумы өтті. Оған Атырау, Тараз, Петропавл қалаларының «NIS» Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушылары мен бір топ жастар қатысты.
Кездесу барысында Атырау облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі Тамила Розметова, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекші орынбасары Аслан Аманжолов, корей ұлтының «Тхоньил» этно бірлестігінің мүшесі Малика Аманкосова жастардың еңбекке құлшынысын арттыру, мамандық таңдау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мотивациялық әңгімелер жөнінде сөз қозғап, агроөнеркәсіп саласында ешкі зауытының жұмысымен таныстырып, отандық өнімдердің дайындалу тәсілдерінен шеберлік сабағын өткізді.