Жаңалықтар

Атырауда облыстық полиция департаментінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

Атырауда облыстық полиция департаментінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді
Фото: ІІМ баспасөз қызметі 27.05.2023 15:23 1013

Атырау облысында полиция департаментінің жаңа ғимараты ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен бірге өңірлік полиция департаментінің жаңа ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты.

Жаңа ғимаратта полицейлердің қызметіне қажетті дүниенің барлығымен қамтылған. Жұмыс кабинеттері керекті жабдықтармен толық  қамтамасыз етілген. Мұнда жедел басқару орталығы да жұмыс істейді. 

Марат Ахметжанов ЖБО инспекторларына қала мектептерінің бірінде “дабыл түймесі” арқылы тексеріс қоңырауын жасап, тәртіп сақшыларының неше минутта оқиға орнына жететінін көруді тапсырды. Қоңырау жасалған жерге ең жақын орналасқан патрульдік экипаж шақыртуға тез арада ден қойды. Полицейдер екі минутта-ақ мектептің ішінде болды. Олардың әрекеті бейнебақылау камералары арқылы жедел басқару орталығындағы экранға шығарылды. Облыс әкімі мұндай құрылғылармен барлық білім ошақтарын жабдықтау керектігін атап өтті.

Шараның ресми бөлімінен соң ПД бастығы қонақтарды нысанның қалған ғимараттарымен таныстырды. Департамент аумағында жылдам қимылдайтын арнайы жасаққа арналған жеке нысан салынған. Одан бөлек аулада жаттығу алаңы және спорт кешені бар. Мұнда тәртіп сақшылары өздерінің физикалық дайындықтарын шыңдай алады.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға