Атырауда мұз ойылып, жас әйел суға түсіп кетті
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
06.03.2024 00:02
904
Атыраулық әйел мұз ойылып, суға түсіп кетті. Оқиға 5 наурыз күні Құрманғазы ауданындағы Шарон өзенінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Суға түсіп кеткен тұрғын айқайлап, көмек сұраған. Сол уақытта жолдан өтіп бара жатқан тәртіп сақшылары оның дауысын естіген бойда жедел әрекет жасаған.
ІІМ Telegram-арнасының жазуынша, патрульдік полиция қызмет инспекторлары Шынтас Алисұлтан және Батыржан Бақытұлы 32 жастағы әйелді дер кезінде жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Оқи отырыңыз:
- Атырау облысында суға батқан әйелді құтқарған полиция қызметкерлері марапатталды
- Атырауда жасөспірім қыз мұз астына түсіп кеткен
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға