Жаңалықтар

Атырауда Мұстафа Өзтүрік атында көше пайда болды

Атырауда Мұстафа Өзтүрік атында көше пайда болды
Фото: Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы 31.07.2023 11:32 4473

Атырау қаласында ҚР таеквондо (WT) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Мұстафа Өзтүрік атында көше пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұстафа Өзтүрік 1954 жылы Түркияның Қайсері қаласына қарасты Мұсаходжалы ауылында дүниеге келген.

Шығыс жекпе-жегімен шұғылданып жүріп, ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жетті. Өзтүрік таеквондодан 6 данды иеленген алғашқы қазақ болады. Сондай-ақ таеквондодан 6 дүркін әлем чемпоны атанады. Кейін Германияның Кельн, Мюнхен және Түркияның Ыстамбұл қаласында таеквондо мектебін ашады. Сонымен қатар Германияда арнайы қарулы күштер мен полицейлерді жауынгерлік өнерге баулыды.

1980 жылы Мұстафа Өзтүрік жаттықтыратын таеквондодан Түркия құрамасы сенсация жасап, әлем чемпионатында екінші орынға ие болады.

Ал 1990 жылдың көктем айында сол кездегі комсомол хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың шақыруы бойынша ол атажұртқа оралады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Алматыда да спорт мектебін ашты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға