Жаңалықтар

Атырауда минимаркет шатыры өртенді

Атырауда минимаркет шатыры өртенді
Фото: ҚР ТЖМ 15.10.2024 21:34 129

Атырау облысының өрт сөндірушілері өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Атырау қаласы Курилкино ауылы Ж. Ақбердиев көшесі бойында 140 шаршы метр алаңда минимаркет шатырында өрт шықты.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында оттың таралуына жол берілмеді. Өрт 140 шаршы метр алаңда сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда, - делінген мәліметте.

Ведомство кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға