Атырауда мектептер мен жоғары оқу орындар арасында өзара тиімді ынтымақтастық мәселесі талқыланды

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Былина» орыс этномәдени бірлестігі және университеттің орыс филология кафедрасының ұйымдастыруымен «Мектептер мен жоғары оқу орындарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында №30 мектеп-гимназиясының, №17 мектеп-лицейінің оқытушылары мен жоғары оқу орнының орыс филология кафедрасының оқытушылары, университеттің орыс тілі мен әдебиеті бойынша күндізгі оқу бөлімінің 4 курс студенті Кристина Плотебнева баяндамалар оқып, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудегі әдістемелік басқару әрекеттері, сондай-ақ болашақ мамандардың педагогикалық практикадағы шығармашылығы және қазіргі жаңартылған білім жүйесіндегі маңызды ақпараттарды жан-жақты талқылап, пікір алмасты.
Шара барысында мектептер мен жоғары оқу орындар арасында өзара тиімді ынтымақтастығы мәселесі де көтерілді.
Сондай-ақ, университеттің 4 курс студенті Кристина Плотебнева педагогикалық практика барысында өткен мектептегі іс-тәжірибесімен ой бөлісіп, студенттерге тың серпін берді.
