Жаңалықтар

Атырауда креаторлардың халықаралық жастар форумы өтті

Атырауда креаторлардың халықаралық жастар форумы өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 19.09.2024 20:10 585

Атырауда «Saraіshyq upgrade - 2024» халықаралық жастар форумы өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдауымен өткен шараға Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан мен еліміздің бірқатар облыстарынан 300-ден астам жас креаторлар қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл форум екінші мәрте өткізіліп отыр. Негізгі мақсаты – креативті индустрияны қолдау және ұлттық брендті ілгерілету, сондай-ақ халықаралық деңгейде инновациялық идеялар алмасу.

Екі күндік форумда «Кинемотография», «Музыка», «IT және жасанды интеллект», «Маркетинг», «Театр» мен «Хореография» сында алты бағыт бойынша республикалық деңгейдегі белгілі спикерлер семинар өткізіп, тәжірибесімен бөлісті. Спикерлер қатарында продюсер, «Oyu» музыкалық жобасының және танымал «Oyu Fest» жастар фестивалінің негізін қалаушы Еркебұлан Күрішбаев, кинорежиссер, сценарист, продюсер Әлішер Утев, маркетолог Расул Абдулла, Forbes журналының «30-ға дейінгі 30» тізіміне енген, Ninety One тобының хореографы Әсия Айешова және т.б. бар.

Министрлік мәліметінше, жас креаторлар алған білімдері мен дағдыларын форум барысында жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылар жариялаған челлендж шарты бойынша қатысушылар өз қызметтері мен тауарларын монетизациялады. Мәселен, Ақтөбе облысынан келген Нұрсұлтан Қалдыбай өзі жасаған сағатын 185 мың теңгеге сатты. Атыраулық кәсіпкер Сұлубике Кәрімова өзінің авторлық курсын жүзеге асырып, бір сағатта миллион теңгеден астам табыс тапты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға