Атырауда әкесі мен баласы суға батып кетті
Қайғылы оқиға 25 тамыз күні болған.
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz
25.08.2022 23:17
1027
Суға шомылуға барған әкелі-балалы Жайық өзеніне батып кетті. деп хабарлайды El.kz Атырау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Қайғылы оқиға 25 тамыз күні болған. Сағат 16:08 шамасында Атырау облысы полиция департаментінің кезекшісінен ер адам мен баланың Жайық өзеніне батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына келген құтқарушылар 27 жастағы ер адамды және оның 9 жастағы баласын іздестірген.
"Төтенше жағдай департаментінің күшімен сағат 16:35-те ер адамның, 18:44 шамасында баланың денесі табылып, судан шығарылды", – делінген хабарламада.
Марқұмдардың жабдықталмаған жерде суға шомылғаны анықталды.
Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД-нің 4 қызметкері, 1 жүзу құралы, Атырау облысы полиция департаментінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шекарадан мұнай өнімдерін вагондап шығармақ болғандар ұсталды
Келесі жаңалық
Маңғыстауға қоқиқаздар ұшып келді