Жаңалықтар

Атырауда инфаркт пен инсультке шалдығу көрсеткіші жоғары

Атырауда инфаркт пен инсультке шалдығу көрсеткіші жоғары
Фото: brokerservicenetwork.com 03.03.2023 22:00 2008

Атырау облысына жұмыс сапары шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният батыс өңірінің медициналық ұйымдарының басшыларымен жергілікті денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі

Халыққа медициналық көмек көрсетудің негізгі бағыттары бойынша талқылау барысында кадрлармен жасақтау, техникалық жарақтандырудың төмендігі, МСАК деңгейінде профилактиканың жеткіліксіздігі бөлігінде барынша проблемалық мәселелер көтерілді.

Бұл ана мен бала денсаулығын сақтау саласында, қанайналым жүйесінің аурулары, қатерлі ісіктер, жарақаттар және хирургиялық араласулар кезінде медициналық көмекті ұйымдастыруға қатысты.  

Ведомство басшысының сөзінен көрініп тұрғандай, Атырау облысында қанайналым жүйесі ауруларының (инфаркт, инсульт) жоғары сырқаттануы байқалады, бұл МСАК деңгейінде бастапқы профилактика бойынша іс-шаралардың жеткіліксіз жүргізілгенін көрсетеді.

Министр МСАК деңгейінде қосалқы аурулары бар егде жастағы адамдарды ҚЖА бастапқы профилактикасының және динамикалық байқаудың жеткіліксіздігі ретінде осы бағыттағы мынадай кемшіліктерді атап өтті. Жалпы, ол өңір бойынша МСАК деңгейінде медициналық көмектің әлсіз ұйымдастырылғанын, терапевттердің, пациенттерді диспансерлеу, инсульттің бастапқы және қайталама профилактикасы бойынша ЖПД-ның жұмысын атап өтті, бұл үйде жоғары өлім-жітімнің себебі болып табылады. Нәтижесінде инсульттан кейін «Д» есебіне алынған адамдардың төмен үлесі -  42,4% ғана  екені байқалады.

Атырау облысының онкологиялық қызметінің жұмысындағы негізгі проблемалардың ішінде министр арнайы маман (цитопатоморфологтар, химиотерапевтер, медициналық физиктер, торокалдық онкологтар, онкоурологтар) кадрларының тапшылығын атап өтті.

А. Ғиният кеңес барысында Атырау онкологиялық диспансерінің ғимараты апатты деп танылғанына, бас және радиологиялық корпустардың жаңа ғимаратының құрылысы қажет екеніне назар аударды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға