Жаңалықтар

Атырауда фитосанитариялық жұмыстар күзге дейін жүргізіледі

Атырауда фитосанитариялық жұмыстар күзге дейін жүргізіледі
Фото: Видеодан кадр 08.04.2025 07:32 487

Атырау қаласында 1 сәуірде басталған ағаштарды дезинфекциялау жұмыстары қарқынды түрде іске асуда. Бұл жұмыстар күзге дейін жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инпекциясы бөлімінің абаттандыру және көгалдандыру секторының бас маманы Ербол Айткалиевтің айтуынша, бұл жұмыстар үшін қаланың әртүрлі аймақтарына 20 техника және 40 шақты адам жұмылдырылған.

Оның ішінде төрт трактор, сонымен қатар аумақтарды тазалауға және тұрғын үйлердің ішін өңдеу үшін арнайы ПИК жұмысшылары да қосылды. Одан бөлек құрт-құмырсқаға қарсы дәрілердің ең тиімдісін, нақтырақ айтқанда «Актара» және «Детис» препараттарын қолдану арқылы тұрғын үйлер мен қоғамдық орындардағы зиянды жәндіктермен күрес жүргізілуде,- деді ол.

Бас маман дезинфекциялық жұмыстар күзге дейін жалғасатынын алға тартып, тұрғындарға кешкілік уақытта терезені ашық қалдырмай, барынша мұқият болу керегін ескертті.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға