Атырауда этномәдени бірлестіктердің жаңажылдық мерекесі өтті
20 желтоқсан күні «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен жаңа жылға арналған мерекелік іс-шара өтті.
Атырауда «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен жаңа жылға арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мерекеде «Татулық» татар-башқұрт, «Иверия» грузин, «Довира» украин, «Светоч» славян, «Тхоньиль» корей этномәдени бірлестіктерінің мүшелері және орыс, славян, казактар бірлестігі қауымдастығының Атырау облыстық филиалының «Зоренька» шығармашылық ұжымы өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті. Сондай-ақ облыстық, республикалық, халықаралық фестивальдарының жүлдегері, «Таврос» армян этномәдени бірлестігінің әншісі Лиана Плузян, «Тхоньиль» корей этномәдени бірлестігінің мүшесі, Атырау облысына танымал әнші Ольга Кван мерекенің сәнін ашты.
Іс-шараға қатысқан барлық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері «Қоғамдық келісім» КММ-мен бірлесе атқарылған жұмыстарына ризашылығын білдіріп, барша қонақтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
