Жаңалықтар

Атырауда есірткі сатпақ болған ШҚО мен Жамбыл облысының тұрғындары ұсталды

Атырауда есірткі сатпақ болған ШҚО мен Жамбыл облысының тұрғындары ұсталды
Фото: ©El.kz 30.07.2023 03:45 711

Синтетикалық есірткіні сақтаған деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сараптама қорытындысымен тәркіленген есірткіның салмағы 64,2 гр Альфа-PVP екені белгілі болды.

ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сонымен қатар Атырау қаласының Нұрсая ықшам ауданында “синтетиканы”аса ірі мөлшерде жасырын тығу әдісі арқылы сатумен айналысып жүрген 1987 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны ұсталды.

Алынған зат салмағы гр  Альфа-PVP және 128,31 гр мефедрон синтетикалық есірткі екені анықталды.

ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды.

Күдіктілердің қаланың ықшам аудандарында тұтынушыларға арнап жасырып қойған бірнеше синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға