Жаңалықтар

Атырауда ер адамнан 30 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

Атырауда ер адамнан 30 млн теңгенің есірткісі тәркіленді
Фото: Polisia.kz 13.02.2025 13:40 101

Атырау облысында полиция әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде үйінің ішінде есірткі заттарын таратумен айналысқан 30 жастағы Ақтөбе тұрғынын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күдіктіні тінту барысында жалпы құны 30 миллион теңге болатын 500-ден астам доза альфа-PVP синтетикалық есірткісі тәркіленді. Ұсталған азамат бір дозаны 60 мың теңгеге сатуды жоспарлағанын айтты.

Тергеу барысында күдіктінің Атырау қаласына Telegram әлеуметтік желісі арқылы синтетикалық есірткі заттарын өткізу және сатып алумен айналысатын интернет дүкенге жұмысқа орналасу мақсатында келгені анықталды.

Қазіргі уақытта тергеу сотының үкімімен күдіктіні 2 айға қамауға алуға санкция беріліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға