Жаңалықтар

Атырауда ер адамнан 30 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

Атырауда ер адамнан 30 млн теңгенің есірткісі тәркіленді
Фото: Polisia.kz 12.02.2025 21:10 110

Атырауда өзге облыс тұрғынынан 30 млн теңгенің есірткісі тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде үйінің ішінде есірткі заттарын таратумен айналысқан 30 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады.

Күдіктіні тінту барысында жалпы құны 30 миллион теңге болатын 500-ден астам доза альфа-PVP синтетикалық есірткісі тәркіленді. Ұсталған азамат бір дозаны 60 мың теңгеге сатуды жоспарлағанын айтты. Тергеу барысында күдіктінің Атырау қаласына Telegram әлеуметтік желісі арқылы синтетикалық есірткі заттарын өткізу және сатып алумен айналысатын интернет дүкенге жұмысқа орналасу мақсатында келгені анықталды, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта тергеу сотының үкімімен күдіктіні 2 айға қамауға алуға санкция беріліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға