Атырауда екі сәбиін сатқан әйел анықталды
Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
07.02.2023 10:38
944
Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2021 жылы және 2022 жылы туған сәбилерін сатқан 1991 жылғы БҚО-ның тұрғынын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған дерекке қатысты ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жыл басынан бері елде азық-түлік бағасы 3,4% өскен