Жаңалықтар

Атырауда екі миллион теңге бопсалаған блогер анықталды

Атырауда екі миллион теңге бопсалаған блогер анықталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 23.02.2024 18:16 1943

Атырауда полиция кәсіпкерден 2 миллион теңге ақша бопсалаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

26 жастағы блогер жеке кәсіпкердің қызметін бейнежазбаға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктемеу үшін қаражат талап еткен.

Атырау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығында жеке кәсіпкердің қызметін бейнежазбаға түсіріп әлеуметтік желіге жүктемеймін және құзырлы органдарға хабарламаймын деп 2 млн теңге ақша қаражатын бопсалаған 26 жастағы блогерді ұстады.

Сондай-ақ, күдікті ақпанда сот ғимаратындағы қызметтік бөлмеде киім қалтасынан 20 мың теңге қаражат ұрлаған.

Қазір күдікті қамауда отыр. Ұрлық және бопсалау деректері бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға