Атырауда екі көлік соқтығысып, ерлі-зайыптылар көз жұмды

Фото: коллаж El.kz
Фото: коллаж El.kz
13.06.2024 10:18
1193
Атырау облысында екі көлік соқтығысып, салдарынан ерлі-зайыптылар қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол көлік оқиғасы кеше, 12 маусым күні болғанын мәлімдеді.
Атырау-Ақтөбе тас жолының 454-шақырымы тұсында екі көлік соқтығысты. Жол апатына ұшыраған көліктің бірі – Kia Rio, екіншісі – DAF жүк көлігі. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Kia Rio автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс құжаттарын жинақтауға кірісті.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада досымен бәстескен жасөспірім суға батып көз жұмды
Келесі жаңалық
FlyAryatan бортында жолаушының рюкзагы өртенді