Атырауда екі бойжеткеннен есірткінің 300-ге жуық дозасы табылды
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
25.01.2024 03:20
819
Атырауда екі бойжеткен жасырын тығу әдісі арқылы синтетикалық есірткі сатумен айналысқан. Күдіктінің екеуі де ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы мен Павлодар облысының 25 пен 22 жастағы тұрғындарын Атырау облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және Экстремизмге қарсы іс-қимыл қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барсында қала аумағында ұстаған.
Оқи отырыңыз:
- Петропавлда 43 жастағы әйелден жарты келіден астам синтетикалық есіткі табылды
- Алматыда рекордты көлемде есірткі партиясы тәркіленді
Күдіктілердің тұрғын үйін тексеру кезінде 1 дана орама және қала аумағында жасырын тығылған 29 орама тәркіленген.
Сараптама қорытындысымен алынған 1 дана орама заттың құны 5 млн теңгені құрайтын 300-ге жуық доза болатын а-PVP синтетикалық есірткісі екені анықталды.
- Тексеру жұмыстары кезінде күдікті қыздардың Атырау қаласына 2023 жылдың қараша айында синтетикалық есірткі сататын интернет дүкеніне жұмысқа орналасу мақсатында келгені белгілі болды. Қазіргі уакытта күдіктілерге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде деп мәлімдеді облыстық Полиция департаменті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматы депортацияланды