Жаңалықтар

Атырауда бұрынғы әйелін бопсалаған ер адам сотталды

Атырауда бұрынғы әйелін бопсалаған ер адам сотталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 07.06.2024 11:48 988

Атырау облысында ер адам бұрынғы әйелінен үйінің бір бөлігін тартып алу үшін оған қоқан-лоққы көрсеткен, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Сотталған мен жәбірленушінің арасындағы заңды неке бұзылып, ортақ некедегі 5 кәмелетке толмаған балалар анасының қамқорлығында қалған. 

Неке бұзылғаннан кейін ер адам түнде бұрынғы жұбайы тұрып жатырған әпкесінің үйінің ауласына заңсыз кіріп, жуынатын бөлменің терезесі арқылы олардың жалаңаш бейнелерін бейнежазбаға түсірген. 

Келесі күні ол бұрынғы жұбайын нотариусқа шақырып, ол жерде одан ортақ үй құнының бір бөлігін беру туралы қолхат жазуды талап еткен, ал бас тартқан жағдайда түсірілген бейнені интернет желісінде таратамын деп қорқытқан. Жәбірленушіні қолхат жазуға мәжбүрлеп, өзінше билік еткен.

Бірінші сатыдағы сот тағайындаған жаза сотталғанның жеке басына, істің мән-жайларына және жасалған құқық бұзушылықтар әрекеттеріне сәйкес келмейді. Алқа отырысында жәбірленуші құқық қорғау органдарының өзіне және оның балаларына жақындамау туралы бұйрығына қарамастан, сотталғанның үкім шығарылғаннан кейін де оған тыныштық бермегенін айтып көрсетті. Тергеу барысында және үкім шығарылғаннан кейін де ол өзіне қарсы заңсыз әрекеттер жасап, жүрген жерінде оны бағып жүретінін, балағаттайтынын айтты, - делінген хабарламада.

Баяндалғандарды ескере отырып, үкім өзгертілді: ҚК-тің 389-бабының 3-бөлігі бойынша сотталған азамат 1,5 жылға нақты бас бостандығынан айырылды. Ол сот залынан дереу қамауға алынды. Жәбірленушінің апелляциялық шағымы қанағаттандырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға