Жаңалықтар

Атырауда браконьерлерден бекіре мен есірткі табылды

Күдіктілердің есірткі мен бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сақтағаны анықталды.
Атырауда браконьерлерден бекіре мен есірткі табылды
Фото: malim.kz 05.11.2022 10:22 1200

Атырауда 120 келіден астам бекіре мен есірткіні заңсыз сақтаған үш адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Атырау қалалық полиция басқармасының №1 қалалық бөлімінің қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде үш ер адамды анықтап, ұстады. Олардың біріне тиесілі көлік гаражын тінту кезінде салмағы 101 келі қара балық, 20 келі бекіре тұқымдас балықтар түрлері, 7 дана көлемінде есірткіге ұқсас заттар табылды. Бұдан бөлек, күдіктідердің тағы бірінің гаражынан 5 дана моторлы қайық пен тіркелмеген 16 калибрлі екі ұңғылы мылтық табылып, тәркіленді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір айғақты заттармен ұсталған үш күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігімен, 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктілердің жасы – 46, 41 және 38-де. Оларға бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға