Атырауда бөгеттерде қауіпсіздік күшейтілді

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
08.06.2024 14:13
546
Атырауда тасқын аумақтарында жел көтерілуіне байланысты бөгеттерде қауіпсіздік күшейтілді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
"Қазгидромет" РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметінше, Махамбет, Индер аудандарында батыстан, солтүстік-батыстан қатты жел соғуда. Желдің көтерілу жылдамдығы секундына 6-11 метрге дейін жетеді деп күтілуде.
Сондай ақ, Атырау қаласында жел күшеюде. Желдің соғуы секундына 7-12 м жылдамдыққа дейін жетеді деп күтілуде.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты, Махамбет, Индер аудандары, Атырау қаласында бөгет бойындағы белгіленген учаскелерде кезекшілер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Еске сала кетелік, 8 маусым, 12:00 сағаттағы жағдай бойынша,
Жайық өзеніндегі су деңгейі Индер ауданында - 896 см (шекті деңгейі - 845 см), Махамбет ауданында 993 см (шекті деңгейі - 850 см), Атырау қаласында 592 см ( шекті деңгейі - 550 см) құрады.
Бөлісу:
