Жаңалықтар

Атырауда бір үйдің екі баласы суға батып кетті

Атырауда бір үйдің екі баласы суға батып кетті
Фото: ©El.kz 01.08.2024 23:30 1094

Атырау облысы Құрманғазы ауылында бір отбасының қызы мен ұлы суға батты. ТЖД психолог маманы балалардың туыстарына шұғыл психологиялық көмек көрсетуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға бүгін 1 тамызда күндізгі уақытта болған. Құтқарушыларға сағат 14:53 шамасында бір үйдің екі баласы яғни, 2015 жылы дүниеге келген қыз бен 2017 жылғы ұл бала белгісіз жағдайда суға  батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. 
Сүңгуірлер шақырту орнында су асты іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Сағат 16:20-да жедел-құтқару жасағы сүңгуірлерінің іздестіру жұмыстары нәтижесінде ұл баланың денесі табылды. Оқиға орнында құтқарушылардың, ПД қызметкерлерінің және жергілікті тұрғындардың күшімен қыз баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда. Іздестіру жұмыстарына 6 құтқарушы, 3 жүзу құралы жұмылдырылды,-делінген облыстық ТЖД мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға