Атырауда бір топ жасөспірім құрдасын аяусыз соққыға жыққан

Әлеуметтік желілерде Атырауда жасөспірім аяусыз соққыға жығылған видео тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 18 маусымда түнде болған. Атырау облысы Полиция департаменті мәліметіне сүйенсек, 18 маусымда сағат 01:30 шамасында қаладағы көпірлердің бірінің тұсында топтасқан адамның төбелескелі жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына барған №1 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері 13 жасөспірімді ұстап, бөлімшеге жеткізген.
Бөлімшеге жеткізілген 11 жасөспірімге қатысты түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүруіне байланысты хаттама толтырылды. Екі жасөспірімге қатысты ұсақ бұзақылық дерегімен хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды, - деді Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!
Соққыға жығылған жасөспірім дәрігерлердің көмегіне жүгінбеген. Жасөспірімдер арасындағы кикілжіңге нақты не жағдай себеп болғаны белгісіз.
