Атырауда баланы тепкен тәрбиеші жұмыстан қуылды
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
19.01.2025 22:45
181
Атырауда балабақша тәрбиешісінің бүлдіршінге қатыгездік танытып, бір тепкен сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл жағдайдан кейін мектепке дейінгі білім мекемесінің қызметкері жазасыз қалмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бейнежазбаны Рүстем Баязиев есімді желі қолданушысы парақшасында жариялады. Автордың мәліметінше, оқиға "Зейнеп-Әмина" балабақшасының МАД-1 тобында болған.
AtyrauPress басылымының жазуынша, бұл жағдайдан кейін балабақша тәрбиешісі еңбек заңнамасына сәйкес дереу жұмыстан босатылған. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абай облысында картоп бағасы бақылауда
Келесі жаңалық
Қазақстандық кадеттер Атлант мұхитын кесіп өтті