Жаңалықтар

Атырауда айыппұл төлемеген жүргізушілердің көлігі арнайы тұраққа қойылды

Атырауда айыппұл төлемеген жүргізушілердің көлігі арнайы тұраққа қойылды
Фото: polisia.kz 07.03.2024 15:37 701

Атырауда айыппұл төлемеген 45-ке жуық жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ қолданған жазаны орындамағаны үшін құқық бұзушылар арасында жазаның бұлтартпастығы қағидатын сақтау мақсатында Атырау облысы ПД жергілікті полиция қызмет бөлімінің іздестіру тобы жеке сот орындаушыларымен бірлескен рейд жүргізді. Осы ретте қаңтар және ақпан айларында 45-ке жуық айыппұлдарын төлемей жүрген жүргізушілер анықталды.

Мәселен, рейд барысында Largus маркалы автокөлігі тоқтатылып, автокөліктің 189 мың теңге көлемінде, ВАЗ 2115 автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында 150 мың теңге көлемінде төленбеген айыппұлдары бар екені анықталып, арнаулы тұраққа қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға