Атырауда әйелімен ұрсып қалған ер адам өзін өртеп жіберді
Фото: © iStock
Фото: © iStock
15.01.2024 10:04
1835
Атырау облысына қарасты Доссор кентінде отбасылық жанжалдан соң, ер адам өзін өртеп жіберді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада куәгерлер өртеніп жатқан ер адамға қар лақтырып, жалынды сөндіруге тырысқанын байқауға болады. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келген.
Облыстық ДП мәлімдеуінше 1961 жылы туған азамат Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Оның денесінің 60-70% күйік шалған. Өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің себебі отбасылық-тұрмыстық жанжал болған.
Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 105-бабы («суицидке дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астана вокзалында жолаушылар бір-бірін таптап кете жаздады