Атырауда ауаны ластаған кәсіпорынға 1 млн-ға жуық айыппұл салынды

Атырауда ауаны ластаған кәсіпорынға айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық Экология департамендегілер мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствоға 22 мамырда жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түскен. Онда 2024 жылдың 6 және 19 мамыр күндері Сарыөзек ауылы мен Самал ықшамауданында жағымсыз иіс сезілгені көрсетілген. Жағымсыз иіс Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы аймағында орналасқан «Атаким» ЖШС-нің медициналық қалдықтарды жою пешінен шыққан.
Департамент «Атаким» ЖШС-не жоспардан тыс тексеріс тағайындап жүргізді. ексеріс барысында экологиялық заң бұзушылықтар анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылдв. Жалпы көлемі 923 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ Атырау облысының мамандандырылған экономикалық ауданаралық сотына “Атаким” ЖШС-нің қызметін тоқтата тұру туралы талап-арыз жолданды,-делінген Экология департаментінің мәліметінде.
