Бүгін Атырауда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «Қазгидромет» синоптиктері мәлімдеді.
2023 жылғы 31 қазанда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Атырау қаласында күтіледі, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:
