Жаңалықтар

Атырауда ата-аналарды қолдауға арналған 200-ге жуық орталық бар

Атырауда ата-аналарды қолдауға арналған 200-ге жуық орталық бар
Фото: istockphoto.com 25.01.2025 19:32 925

Президент тапсырмасын  іске асыру мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізіліп, білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық тұрғыда қолдауға арналған 198 орталық құрылды,- деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, орталықтарда былтыр қыркүйек-желтоқсан  аралығында 832 сабақ өткізіліп, 46 мыңнан астам ата-ана қатысты. Олардың қызметін жүйелі ұйымдастыру үшін 6000-нан астам сынып жетекшісі апта сайын онлайн оқыту вебинарларына қатысып, білімдерін жетілдірген.

Жалпы үкімет жекеменшік мектептерде білім алатын оқушыларды назардан тыс қалдырған емес. Облыста 1200-ге жуық білім алушыны қамтитын 20 жекеменшік мектеп бар. Мемлекет ұйымдар желісін көбейту және балаларға  қолайлы жағдай жасау мақсатында республикалық бюджеттен қаражат бөліп, балаларды жекеменшік мектепте оқыту үшін мемлекеттік тапсырыс берілетін болады. Бұл жұмыстар осы кезге дейін  Оқу-ағарту министрлігі тарапынан ұйымдастырылып келген болса, биылдан бастап Атырау облыстық білім беру басқармасы арқылы жүзеге аспақ. Сондай-ақ жекеменшік мектептерде білім алатын осал топтағы отбасының балалары мектеп құрал-жабдықтарын оқу ордасындағы шәкірттермен бірдей алатын болады,- деді облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға