Жаңалықтар

Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды

Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 25.12.2024 20:42 209

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заң пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысы Жылыой аудандық сотының соты «№2 ересектерге арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ директоры Г. Жалекенова мен бухгалтер А. Шмидоваға қатысты үкім шығарды.

Олар мекемеде нақты еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны заңсыз аудару арқылы 73 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен Шмидова 7 жылға бас бостандығынан айырылды, Жалекенова залалдың толық өтелуін және жас баланың болуын ескере отырып - 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды. Сонымен қатар, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. Алдын алу шаралары аясында сот процесі ашық режимде өткізілді. Процеске онлайн режимінде білім беру мекемелерінің басшылары мен бухгалтерлері қосылды.

Сонымен қатар, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға