Жаңалықтар

Атырауда адамдар қасақана түрде итін айтақтатқан тұрғын ұсталды

Атырауда адамдар қасақана түрде итін айтақтатқан тұрғын ұсталды
25.06.2023 14:20 903

Атырау тұрғыны қабаған итті адамдарға айтақтаған. Оқиға 24 маусымға қараған түні Авангард-2 шағынауданында болған, - деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, 24 маусымда сағат 01:15 шамасында "102" операторына қала тұрғыны Авангард-2 шағынауданындағы көпқабатты үйлердің біріне кіре алмай тұрғаны туралы хабарлама келіп түскену туралы ақпарат жария болды. 

Келген полиция қызметкерлері үй ауласында белгісіз біреу әйел мен ер адамға "Стаффорд" тұрқымды итін айтақтап, нәтижесінде ит 1992 жылы туған ер адамның қолын тістеп алғанын анықтады. Кейін иттің иесі оқиға орнынан қашу үшін итті полицейлерге айтақтаған. Патрульдік қызметке көмек көрсетуге келген автопатрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, "Құқық қорғау органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабы 6-бөлігіне сәйкес ит арнайы құралдар көмегімен залалсыздандырылды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл ретте иттің тірі екені айтылды. Медициналық сараптама иттің 32 жастағы иесі мас болғанын көрсетті. Ол жедел тергеу тобының қызметкерлеріне тапсырылған. Сондай-ақ, иттің шабуылы салдарынан бетін жарақаттап алған полиция қызметкеріне де медициналық көмек қажет болған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға