Жаңалықтар

Атырауда 800-ге жуық ауыл тұрғыны бөгет тұрғызуға атсалысты

Атырауда 800-ге жуық ауыл тұрғыны бөгет тұрғызуға атсалысты
Фото: Видеодан кадр 16.04.2024 22:02 575

Атырауда су тасқынына қарсы дамба тұрғызу жұмысына жергілікті жұртшылық белсене атсалысып жатыр. «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының өкілдері де игі іске өз үлестерін қосуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Партияның мәліметінше, бүгінде жұмыстың басым бөлігі аяқталуға жақын.

Көмек қолын созуға бастапқыда 800-ге жуық ауыл тұрғыны келді. Шыны керек, жұмыс оңай емес. Адамдар да шаршады. Су тасқынына қарсы 150 мыңға жуық қапшық әзірленді. Дайын болған дамбаның үстіне ауыр техникамен қапшықтарды төсеп, бөгеттерді нығайтып жатырмыз. Ең бастысы, бұл – ауызбіршілік. Соның арқасында біраз тірлік жасалды, - деді Атырау облысының мәслихат депутаты Әлібек Семғалиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға