Жаңалықтар

Атырауда 650 әскери қызметші дамбы салып жатыр

Атырауда  650 әскери қызметші  дамбы салып жатыр
Фото: Видеодан кадр 17.04.2024 11:50 625

Махамбет ауданында 30 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Аудандағы 21 елді мекеннің 17-і Жайық өзенінің бойында орналасқан. Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс дамбыларын салу жұмыстарына волонтерлар, ауыл тұрғындары және еліміздің түрлі өңірлерінен келген әскери қызметшілер қатысуда.

Біз Шымкент қаласындағы 35 748 әскери бөлімінен келдік. 300 әскери қызметші мен 17 дана техника бар. Махамбет ауданы басшылығының жағалау бекіту жұмыстары бойынша тапсырмаларын орындап жатырмыз,-деді шымкенттік әскери қызметші Мирас Жанабилов.

Махамбет ауданы бойынша жағалау бекіту жұмыстары жалпы ұзындығы 80 шақырымды құрайды. Оның 20 шақырымы – жаңадан салынған дамбалар. Қазіргі уақытта Жайық өзенінің жағалауына топырақ салынған 800 мың қап төселген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға