Атырауда 4 қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды
![Атырауда 4 қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды Атырауда 4 қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды](/storage/storage/element/2023/04/17/mainphoto/45983/1200xauto_uDkwJrfbLPZGAQku4aahlzjHVC2xfVynCqoY6FnT.png)
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
15.04.2023 17:13
874
Атыраулық полицейлер мас күйде 4-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Полицияға Нұрсая мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің 4-қабатынан белгісіз азаматтың секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама түскен.
1994 жылы туған ер адам полицейлердің жедел әрекеті нәтижесінде құтқарылды.
Дәрігерлік сараптама нәтижесінде оның алкогольдік мас күйде болған анықталды.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
GCIP-Kazakhstan жобасы іске қосылды