Жаңалықтар

Атырауда 4 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер декларация тапсырды

Атырауда 4 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер декларация тапсырды
Фото: Коллаж El.kz 27.03.2025 05:20 559

Атырау облысында төрт мыңға жуық мемлекеттік қызметші кірістер мен мүліктер декларациясын тапсырды. Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Нұрмира Орынбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Баспасөз мәслихатында спикер декларация тапсырудың маңыздылығын атап өтті.

Жалпыға бірдей декларация табыс ету ашықтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды тетігі. Біз бұл процесті барынша жеңілдету және ыңғайлы ету үшін түсіндіру жұмыстарын жалғастырамыз, – деді Нұрмира Орынбаева.

Декларацияны e-Salyq Azamat мобильді қосымшасын пайдаланып, cabinet.salyk.kz веб-порталы арқылы онлайн жіберуге немесе мемлекеттік кірістер басқармаларының кеңселерінде қағаз жүзінде тапсыруға болады.

Айта кетейік, декларация тапсыру 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Уақытылы тапсырылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға