Жаңалықтар

Атырауда 20 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Атырауда 20 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz 22.04.2023 13:15 567

Атырау полицейлері 20 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру барысында халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының азаматын анықтап, ұстады.

Тексеру барысында шетелдік азамат Өзбекстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 97-бабының 2-бөлігі және 248-бабы 2-бөлігіне негізделген қылмыстық құқық бұзушылық, яғни қасақана адам өлтіру және заңсыз қару сақтау бойынша халықаралық іздестіру жарияланғаны анықталды.

1975 жылы туған шетел азаматының уақытша тұратын жерін тінту барысында Қазақстан аумағында тиым салынған діни кітаптар мен дискілер тәркіленді. Аталған факті бойынша күдікті ұсталып, ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға