Жаңалықтар

Атырауда 20 млн теңгеден астам қаражатты көліктен ұрлап кеткен

Полиция қызметкерлері 23 жастағы күдікті азаматты ұстады
Атырауда 20 млн теңгеден астам қаражатты көліктен ұрлап кеткен
Фото: Polisia.kz 30.09.2022 15:38 1057

Атырауда көліктен 20 млн теңгеден астам қаражатты ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Таңғы сағат 07:20 шамасында 45 жастағы азамат 102 операторына Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолында тұрған DAF ауыр жүк көлігі ішінен 20 445 000 теңге каражаты салынған сөмкесін белгісіз адамның жасырын жымқырып, окиға орнынан бой тасалағанын хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Атырау қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының мамандары дереу күдікті көлікті анықтап Мақат ауданының полиция кызметкерлеріне бағыттама берген Geely GC 7 автокөлігі тоқтатылып, 23 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. 

Аталған дерек бойынша Мақат ауданының Полиция бөлімі ҚК-тің 188-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға