Атырауда 10 жастағы бала бассейнде көз жұмды

Атырауда «Мұнайшы» стадионындағы бассейнге батып кеткен 10 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаға қатысты кешенді тергеу басталды. Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға14 шілде сағат 16:30 шамасында болған.
Атырау қаласындағы „Мұнайшы“ стадионындағы бассейнге 10 жасар бала батып кетіп, қайтыс болды. Қазір аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері кешенді тергеу амалдарын жүргізуді бастады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
«Мұнайшы» стадионындағы бассейніне 2019 жылы қайта жаңғырту жүргізілген. Бассейндегі олимпиадалық стандартқа сәйкес 8 жолаққа бөлінген жүзу жолының ұзындығы — 50, ені — 21, ал тереңдігі 2 метрден асады. Бассейн 2020 жылы сенімді басқаруға берілген. Мұнда 600-ден астам бала су спортымен айналысуға келеді.
